Mercedes-Benz C класс және BMW 3 көліктеріне бәсекелестік тудыра алатын Jaguar седаны жөнінде алғашқы мәліметтер пайда бола бастады.
PLA кузовы негізінде жасалатын жаңа модель алдағы 2-3 жылда жарыққа шықпақ. Ол төрт цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталмақ. Әзірге көліктің отын ретінде не қолданатыны нақты белгісіз. Бірақ мамандар оған гибрид орнатылуы мүмкін дегенді айтады.
Одан бөлек, компания жақын аралықта аталған седанның негізінде купе, кабриолет және универсал көліктерін де құрастырып шығармақ екен. Компания директоры Холлмарктың сөзінше, айтылған көлік түрлерінің барлығына жуығы алдағы 4-5 жылда пайдалануға берілетін көрінеді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: auto.mail.ru