- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жаңа BMW X6:...
Жаңа BMW X6: алғашқы мәліметтер
Биылғы жылы BMW компаниясы өзінің X6 жол талғамайтын көлігінің жаңа түрін жасап шығармақ. Автокөлік BMW X4 кроссовері сатылымға шыққаннан соң, бірден нарыққа жол тартады деп күтілуде.
BMW X6 көлігі жаңа X5 жол талғамайтын көлігі негізінде құрастырылатын болады. Ол өзінің қазіргі кездегі тумасынан "агрессивті" сыртқы түрімен ерекшеленбек. Бавариялық компания: "Біз оны мүлдем жаңа кейіпке енгізбекпіз. Ол біздің бұрынғы көліктерімізден ерекше болатынын айтқымыз келеді",-деп мәлімдеме таратты.
Жаңа BMW X6 өлшемдері жағынан да біршама үлкеймек. Әсіресе көліктің артына жайғасқан жолаушыларға арналған орындықтың көлемі біршама үлкейтіледі. Ал капот астына үңілетін болсақ, ол жерде алты цилиндрлік бензинді және дизельді қозғалтқыш орнатылмақ. Ал 2015 жылға қарай көліктің гибридті нұсқасы да шығарылады деп күтілуде. BMW X6 көлігінің басқа көрсеткіштері әзірге құпия сақталып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: mail.ru
Б. Қосмағамбет