- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Жақсы ұсыныстар бар...
Жақсы ұсыныстар бар - Министр Дүйсенова зейнет жасын төмендету туралы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әйелдердің зейнет жасын азайту мәселесі қалай болып жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Біз қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Өзім әйелдер қауымымен кездесу өткіздім, жақсы ұсыныстар бар. Біз өз ұсыныстарымызды да дайындадық. Барлық мәселелер тікелей қаржы блогында қарастырылады. Бір байламға келгенде, міндетті түрде хабарын береміз. Дегенмен, әлеуметтік саладағы кез келген бастама қомақты қаражатты талап ететінін түсінуіміз керек", - деді Тамара Дүйсенова.
Ол зейнетақы жасын төмендету немесе көтеру мәселесі әрқашан бюджет қаражатына байланысты екенін атап өтті.
М. Жәмішжанов"Екінші мәселе бар. Егер біз зейнет жасын төмендететін болсақ, зейнетақының қандай мөлшерде берілетінін ұмытпауымыз керек. Зейнетке шыққан кез келген адам лайықты жәрдемақы алуы керек. Ал аз еңбек өтілімімен және минималды жинақпен лайықты зейнетақы ала аламыз ба? Бұл сұрақты да ескеру керек.
Егер әлемдік практикаға қарайтын болсақ, жақсы тәжірибесі бар және жасы үлкен адамдарды белсенді болу үшін әлеуметтік жұмысқа тарту керек. Сондықтан оларды ерте зейнеткерлікке жіберуге болмайды", - деп толықтырды министр.