Әлем бойынша жасалынатын жаңа технологиялар соңғы кезде сәнге айналған краудфандинг (жаңа заманғы, озық технологиялы гаджеттерге бейжай қарай алмайтын, соған байланысты оларды ұжымдық ақша жинау арқылы жүзеге асатын қаржы тәсілі) тәсілі арқылы жүзеге асып жатқандығы белгілі. Соларды бірі ретінде итіңіздің тілін адам тіліне аудара алатын қызықты гаджетті айтсақ әбден болады. Бұл жоба қазірдің өзінде бастапқыда көзделген қаржыдан бір жарым есе артық ақша жинап үлгерген (бастамашыл топ 10 000$ жинасақ деп жоспарлағанмен, қазір қордағы ақша 15 000$ асып кетті).
Жаңа жоба “No More Woof” немесе NMW («енді ешқандай Ав!» деп аударылады) деп аталады. Scandinavian Nordic Society for Invention and Discovery (NSID, «Зерттеушелір мен өнертапқыштардың скандинавиялық бірлестігі»).
NSID жасаған алғашқы үлгі сыртқы түрі бойынша микрофоны бар құлаққапқа келеді. Оның жұмыс жасау принципі келесідей: Raspberry PI компьютері арқылы электроэнцефалограмм ит миындағы процестерге сараптама жасап, оны адам тіліне аударып, айналаға дауыс күшейткіш (громкоговоритель) көмегімен таратады.
Құрылғының алғашқы нұсқасында иесі итінің миындағы процестерді көре алады. Атап айтар болсақ, жануардың қарнының ашқандығын, шаршағандығын, қызығушылығын, денсаулық жағдайын арнайы құрылғы көмегімен анықтау мүмкіндігі болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: indiegogo.com