- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Италиялықтар тоқпен жүретін...
Италиялықтар тоқпен жүретін көліктерге көңіл бөле бастады
Италияның көлік құрастырушылары электр энергиясымен қозғалатын көліктерді құрастыруға жаппай ауыса бастады. Оған жуырда ғана өз жұмысын бастаған Tesla стартапы түркі болыпты.
Италиялықтардың көлігі сағатына 100 шақырым жылдамдыққа небары 3,5 секундта жете алады екен. Ал оның максималды жылдамдығы сағатына 300 шақырымды құрайды.
Tecnicar көлігін құрастырушылар өз өнімін спорттық үлгіде жасаған. Сондықтан, көлік жоғары көрсеткішті керамикалық тежегішпен және жеңіл оттекті қаптамасы бар корпусмен жабдықталған.
Әзірге Tecnicar Lavinia SE электрокарының сатылымға шығарылатын уақыты мен оның бағасы туралы расталған ақпарат жоқ. Дегенмен, электрқозғалтқышпен жүретін Ferrari 458 Italia көлігі аналогының құны алты таңбалы сан боларын сарапшы мамандар айтып отыр.
Сицилиялық шедеврді 2015 жылдың көктемінде өтетін темір тұлпарлар көрмесінде көруге мүмкіндік болады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: auto.sme.sk
Ж. Өрісбай