- Негізгі бет
- Шолу
- Ирандықтар өз интернетін...
Ирандықтар өз интернетін жасап шығармақ
Мемлекеттік сайттардың басын қосу мақсатында Иран үкіметі өз Интернеттерін жасап шығаруды қолдарына алып отыр. Бұл туралы The Washington Post хабарлайды.
Коммуникация мен зерттеу ошағы ретінде аты шыққан Пенсильвания университеті қазіргі таңның өзінде аталған жобаның жүзеге асатындығын жасырмайды. Бүгінгі таңда аталған елдегі министрлік пен бизнес-структуралық сайттар интернет әлемінсіз-ақ бір-бірімен жаңа желі арқылы хат-хабар алысып жатқан көрінеді.
Анықталғандай, Иран үкіметі әлемдік Интернет әлеміне қосылмай-ақ, өз желілерін іске қоспақ. Бұған себеп, өздеріңіз білетіндей, ядролық қару жасаудан бас тартпай отырған тегерандықтардың АҚШ пен Израиль тарапынан келетін қауіптерден сескенетіндігі. Және ең қызығы сол, ирандық желіні жасауға қытайлық "Huawei" компаниясының ат салысып отырғандығы...
Аталған жобаның іске қосылғанына да бірнеше жылдың жүзі болып отыр. Алғашқыда мамандар Иран үкіметінің қолға алған мақсатына үрке қараған-ды. Себебі, әлемдік интернет әлемінен бөліну дегеніміз...
Енді міне, маңызды жоба (ирандықтар үшін) іске аса бастаған соң, батыс әлемі мен халықаралық құқық қорғау ұйымдары тыныштыққа кірбең түсе ме деп сасып отырған көрінеді. Олардың ішкі түйсіктері бойынша, Иран үкіметі өз халықтарын сырттан келетін ақпараттан шектеп тастамақ.
...Онсыз да ирандықтар Facebook пен YouTube секілді сайттардан қол үзгелі қашан.
сурет:agperm.wordpress.com
Дайындаған: Фараби Бақыт