iPad 5-тің шығатын күні белгілі болды

iPad 5-тің шығатын күні белгілі болды

"Apple"компаниясы 2013 жылдың наурыз айында iPad 5 жаңа планшетін жарыққа шығармақ екен. CNews.ru порталы осы турасында ақпарат таратып отыр.

Жаңа iPad-тың құрылымы тіптен кішірейіп, жеңілдене түспек. Ал дизаин жағынан iPad mini-ға көбірек ұқсас болатындығы айтылған. iPad 4 -ке қарағанда қысқарып та, жұқарып та шығатын планшеттің қысқалығы 4 миллиметрге, жұқалығы 2 миллиметрге "кемшін" түспек.

iPad 5 - тің "Sharp" компаниясының ЖК-панельдерінің есебінен жеңіл салмақта шығатыны бұдан бұрын да айтылған болатын. Өз кезегінде энергия аз жұмсалып, тиімді қуаттағыш қоюдың алғышарттары жасалып келіп еді.

сурет:todaysiphone.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига