Интернетте тек жалған ақпарат жазатын сайт пайда болды

Интернетте тек жалған ақпарат жазатын сайт пайда болды
Фото: freepik.com

Желіде тек жалған жаңалықтар жариялайтын сайт пайда болды. Сайттың авторы – канадалық химик, МакМастер университетінің түлегі Лекса Грэм.

DNAturned сайты ғылымдағы жалған ақпараттарға арналған. Мұнда күмәнді ғылыми жаңалықтар мен зерттеулер жайлы жазылады. Осылайша Грэм шындыққа жанаспайтын, алайда оқырманның назарын аудартатын мақалаларды көрсеткісі келеді.

Сайт химия, биология, медицина, қоршаған орта, астрономия сынды бөлімдерден тұрады. Көбіне "телескоппен түсірілген алғашқы суреттер ғалымның объективтен қақпақты алып тастауды ұмытып кеткенін көрсетті" немесе "әлемдегі жалғызбасты кит жылдар бойы өзіне жұп таба алмай келеді, себебі үнемі СӨС туралы айтады" деген сияқты мақалалар жарияланады.

Грэм сайт жасауға үш ай, ал мақалалар жариялауға төрт ай жұмсаған. Кейін химикке тағы он шақты автор қосылып, күмәнді жаңалықтарды әшкерелеп келеді. Алдағы уақытта Грэм ақпараттық видеороликтер дайындамақ. Сайт жасаушылары жалған ақпарат тарататын әріптестерін ұялтып қана қоймай, қоғамның назарын елеулі проблемаларға, оның ішінде жаһандық жылынуға аудартқысы келеді.

Massaget.kz