Жақында кейбір Интернет беттерінде бюджетті iPhone смартфонының фотолары пайда болды.
Француздық сайттың хабарлауынша, жаңа бюджетті смартфон екі ядролы A5 чипіне және 5-мегапиксельді камераға ие болмақ. Және де ол бес түрлі түсте сатылымға шықпақ. Олар қара, ақ, көк, қызыл және сары түстер. Смартфон поликарбонат қабатынан тұрады және сыртқы пішіндері азғана өзгеріске ұшарайтын болады. Жаңа гаджет қазан айынан бастап 300 доллар бағамен сатымға түспек.
Алайда компания әзірге бұл суреттер жөнінде ресми ақпарат тарата қойған жоқ.
Жалпы Apple арзан айфон шығарады деген сыбыс бұрыннан келе жатқаны белгілі. Ал сарапшылар осындай бюджетті смартфондар дамушы елдердің нарығында үлкен сұранысқа ие болады деген пікірде.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: WeiPhone.com