Instagram-ның видеосы сынға ұшырады

Instagram-ның видеосы сынға ұшырады

Instagram желісінің видео қызметі шыққанына көп те болған жоқ. Десек те, қазірдің өзінде бұл құбылыс жайлы тізбек-тізбек статистика да, дұрыс-бұрыс пікірлер де айта беруге болады.

Мәселен, әлеуметтік желілер туралы статистика жүргізіп отырған мамандар аталған желінің сәтті болу-болмауы туралы дауда екіге қақ бөлінді. Бірі 15 секундттық видео түсіріп, оны желіге салу фотография салумен бір еместігін және оған дейін де мұндай жаңалықты Twitter-дің стартапы Vine қызметінде барын айтады. Бірақ бұл пікірді айтушыларға қарсы уәж келтіруге әбден болады. Сөйтіп отырған бір топ мамандар, нақтылай келгенде Topsy сараптамалық компаниясы Instagram-ның видеосы шыққалы бері Vine қызметінің қолданушылар саны 2,5 миллионнан 1,5 миллионға азайып кеткенін айтады. Ал 26 маусым бойынша жасалған санақ бойынша, Vine-ның мүмкіндігін пайдаланушылар саны 900 мыңға азайып кеткен Мұны қалай түсінуге болады?

Instagram желісін пайдаланушылар бұған дейін оны Vine желісінің бәсекелесі көрмей келсе, видеосы іске қосылған соң мүлдем басқаша көзқарас қалыптасты. Есеп әзірге 2-1.

(Ескерту: көк сызық - Instagram, сары сызық - Vine)

Тағы бір даулы мәселе – бірқатар журналистер мен қолданушылар Instagram-ның видеосын тым ескірген, толықтай жасалмаған, дайын қызмет емес екенін айтып сынаған. Мәселен, белгілі актер әрі режисер (Vine қолданушысы) Адам Голдбергтің ойынша, Instagram-да видеомен бөлісу толықтай дайын қызмет емес. Қолданушылардың көбі түсірілетін видеолардың сапасыз және мәнсіз болуын айтып сын садағына алған. Ендігі мәселе – сурет пен видеоның қатарласып, бір-бірінің қызметтерін толықтай атқаруына кедергі жасауында. Статистика бойынша, расында да, қолданушылардың басым бөлігі контент толтырушылар емес, тек сырттай бақылаушылар екен. KS Mobile ақпаратына сенсек, Instagram-да көрілген әрбір 15 секундтық видео смартфон кэшында сақталып, жадыға ауыртпалық түсіруі мүмкін. Ал Facebook компаниясы бұл ақпарат жайында әзірге тіс жармай отыр.

Instagram әкімшілігінің ақпаратына сенсек, видео сервистің қосылған күнінде қолданушылар 5 миллионнан астам видео түсіріп, бөліскен. Ал видеосын бөліскен Джастин Бибер бұл желіде ең алғашқы болып 1 миллион «like» жинапты.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: computerra.ru

А. Құлтай