Илон Маск компаниясы қуат көзімен жүретін көлікті жарыққа шығарып, енді жүк тасымалдайтын көлік шығарамын деп жүрген кезде, қытай инженерлері бекер жатпаған секілді. Қытай инженерлері ешқандай қиындықсыз бір уақытта 2 000 тонна көмірді су арқылы алып өтетін кемеге жүк тасымалдаушы құрылғыны ойлап тапты. Оның жаңалығы сонда, қуат көзімен қозғалады. Қуат көзі арқылы жүк тасымалдаушы қазір қолданысқа беріліп, жұмысын бастап кетті. Құрлықта қуат көзі арқылы жүк тасымалдаушының ұзындығы 70,5 метр және ені 13,9 метр. Жұмыс күші екі бірдей қуат көзімен қозғалатын 160 кВт, мотормен жүзеге асады. Сонымен қатар 1 000 литийлік батарейкамен қозғалады. Қуаттылғы 2,4 Мвт.с. Бұл батарейкалардың бір рет алған қуаты 80 шақырым жерге жетуге жетеді. Қытайдың бір жерінен екінші жеріне су арқылы жету үшін жеткілікті өлшем. Батарейканы қуаттау үшін 2 сағат уақыт кетеді. Бұл жеткілікті уақыт. Бір сөзбен айтқан кезде қытайлар уақыт жағынан да, оның құны жағынан да ұтып тұр.