Кешелі бері бүкіл адамзат ғана емес, барлық әлеуметтік желі шулады. Шуды тудыруға бастып себеп Илон Маск. Массагет сайты осы уақытқа дейін Илон Маск туралы ақпарат беріп, оның Spacex жобасы жөнінде жазып келді. Ұзақ уақытқа созылған еңбеткен кейін сүйіншілеген тек Илон Маск емес, алыс-жақын шет елдің бәрі бөркін аспанға атты. Неге? Жаңа дәуір басталды! Кеннеди ғарыштық орталығының Pad 39А аймағынан ең қуатты ракета ретінде Falcon Heavy зымыраны кеше көкке көтерілді. Бұл 27 қозғалтқышқа негізделіп ұшырылған ең бірінші зымыран. Зымыранның ұшу бағытын және оның қауіпсіздігін бақылау үшін уақыт керек. Дегенмен алты сағаттан кейін Илон Маск басқарып отырған зымыран өз ұшу бағытын Марсқа қарай бұрады. Сол жерде арнайы қозғалтқыш іске қосылады. Falcon Heavy адамзат тарихындағы ең керемет, ең үздік, ең жылдам және ең мықты зымыран. Аталған зымыран туралы Илон Маск 2011 жылдан беріп айтып, еңбектеніп келеді. Араға 7 жыл салып, маңдай термен келген еңбек жемісін беріп, бүкіл адамзат алдында тәуекелге бара білген И. Масктың зымыраны көкке әуелей ұшты. Қол шапалақ пен алғыстан басқа не айтуға болады. Ракетаның ұшу барысын 30 минуттан бастап көре аласыздар: Адамзат баласы Falcon Heavy ракетасының ұшуын бақылап тұрған кезде Spacex компаниясының суретшілері YouTube желісіндегі ресми каналдарына аталған тапсырманың қалай орындалатыны туралы анимациялық ролик түсіріп жүктеді. Төмендегі видео-роликтен Falcon Heavy зымыранының ұшу бағыты мен атқарушы тапсырмасы туралы біле аласыз: