Tesla Motors компаниясының басшысы Илон Маск Apple компаниясын өзіне бәсекелес бола алмайды деп есептейді. Бұл туралы немістің Handelsblatt газеті жазды. Айта кетейік, Tesla Motors тоқпен жүретін автокөліктер құрастырумен айналысады.
Газетке берген сұхбатында Маск былай деді: "Біз Apple компаниясын Tesla Motors-тың моласы деп атаймыз. Себебі, бізде жұмыс істей алмай шығып кеткен инженерлер қазір сонда жұмыс істеп жатыр".
Басшының айтуынша, Apple-дің электрокар жасауға ұмтылуы дұрыс нәрсе. "Инноватор компания болып қалу үшін iPad-ты үлкейтіп шығара беру жеткіліксіз болып қалды. Жаңа нәрсе ойлап табу керек. Бірақ, олар бір нәрсені түсінуі керек. Көлік жасау телефон жасаудан әлдеқайда қиын", - деді Илон Маск.
Айта кетейік, Apple-дің тоқпен жүретін көлік құрастырып жатқаны туралы сыбыстың пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Болжам бойынша, Apple-дің Titan деп аталатын көлігі 2019 жылы саудаға қойылады.