Құрбы-құрдасыңыз қыс түсісімен "iPhone аязда өшіп қалды (қуат көзі тез таусылып), не болмаса жылынып алғанша баяу қосылады", - деп шағымданып жатады.
iPhone-ды суықтан сақтап қалуға бола ма?
Apple компаниясына бұл үйреншікті жайт. Өйткені, сатылымда күні бұрын ескертілмек: iPhone эксплуатациясына температуралық режим: 0 ден 35 ºС. Сақтауда -20 мен +45 ºС.
Температураның қатты жоғары, не төмен бөлігінде Apple өнімдері жаңылыс жұмыс жасамақ.
Жаңылыс жұмыс неден орын алмақ?
Сенсормен қиындық: тачскрин бірден жұмыс жасамайды, әредік істейді.
Аккумулятормен қиындық: «батарейка» тез өшіп қалады, не болмаса iPhone қуат көзінің деңгейін дұрыс көрсетпейді.
iPhone өшіп қалады: мүлдем немесе өздігінен қосылмақ.
Суық түнде осылардың салдарынан қолданушылар байланыссыз қалмақ.
iPhone гаджетін суықтан қалай сақтауға болады?
iPhonе өнімін аязда қолданбаңыз. Жылы қалтаңыздан «Айфоныңызды» көп шығармауға тырысыңыз, ал егер хабарласу қажет болып жатса, ғимарат ішіне еніңіз.
Жылы тыс қапты қолданыңыз. Экстермальды температураларға төзімді құндақты сатып алыңыз.
Гаджетті денеңізге жақын ұстаңыз. Күртешеңіздің ішкі қалтасына салып жүріңіз. Сыртқы киімнің ішінен жылу алып тұрған сіздің «Айфон» тоңып қалмасы анық.
Сонымен бірге, әлгі бір құндақтар суықтан қорғап қоймай, сонымен бірге сәнді көрінеді. Тыс қапты талғамыңызға орай сатып ала аласыз.
Қолғап ұстаңыз. Қарапайым әрі арнайы (қолды қорғайды әрі iPhone егер суынып жатса, оны жылытады).
«Ауыр жүктерді» шығарыңыз. «Халықтық» кеңестен. Тәжірибелі айфонтанушылар аязды күні сыртқа шыққанда қиын күрделі ойындар мен қосымшаларды өшіруді кеңес етеді. Сол арқылы процессордың жұмысы жандана түспек екен – корпус жылынған соң, iPhone минустық температуларға төзіп беруі көп қиынға соқпайды.
Егер iPhone тоңып қалса?
Егер iPhone аязды күнге шыдамай, еш жұмыс жасамастай болып көрінсе, онда бұл деген оны тастау деген сөз емес.
Жылы ғимарат ішіне еніңіз. «Айфон» 30-40 минут жылынып алсын. Осы тұста оны батарейкаға қоюдың еш қажетсіз екендігін, оның орнына матаға орап қоюды кеңес етеміз.
iPhone осылайша жұмыс жасамақ.
Көмектеспесе сервис орталығына барыңыз.
Суықтан сақтаудың өзге де жолдарын білсеңіз, бөлісе отырыңыз.
Автор: Өмірбек Сансызбай
Сурет: service-apple.ru