- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- «iPhone 8» смартфон...
«iPhone 8» смартфон өндірісіне төңкеріс жасайды
Фото:
YouTube
Сарапшылар танымал «Apple» компаниясының «iPhone 8» смартфоны мобилді өндірістің дамуында төңкеріс жасайды деп болжауда. Компанияның жаңа өнімі 2017 жылы шығуы мүмкін.
Техникалық сарапшы, әрі журналист Роберт Скоубл «iPhone 8» смартфоны толықтай шыныдан жасалатынын болжап отыр. Ресми дереккөздерге сүйене отырып хабарлауынша, жаңа смартфон «OLED» экранымен жабдықталады. Графикалық мүмкіндігі «Nvidia 1080» компьютерінен жоғары болады. Ал «3D»-құрылғы арқылы голографиялық бейне жасау мен алыстан басқаруға болады.
Қазіргі таңда жаңа «iPhone 8» смартфонын жасауға 600 маман күш салып жатыр. Компания қыркүйек айында ғана «iPhone 7»-ні шығарған еді.
О. Сансызбай