Apple компаниясының смартфондары әрқашан айрықша камера мүмкіндіктерімен ерекшеленетін. Соңғы шығарылып жатқан смартфондары 10 мегапиксельден жоғары сапада жұмыс істеп жатқан болса, Apple өзінің iPhone 6 және iPhone 6 Plus смартфондарына 8 мегапиксельдік көрсеткішті лайық деп тапты. Өте жоғары сапада түсірілген видеоларға қарап, оның сапа көрсеткіші төмен деудің өзі жөнсіз секілді.
Жаңа смартфондардың алғашқы тұтынушылары камера мүмкіндіктерін зерттеп бағуда. Әсіресе, видео түсіру кезіндегі секундына 240 кадр ала алатын Slow-mo тәртібі мен өте жылдам фокус алатын Time-Lapse тәртібі мақтауға тұрарлық функциялар.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/KIoDBwzrzzA","width":"450","height":"350"});
Расында, iPhone 6 және 6 Plus камераларының сан түрлі функциялармен жабдықталуы өте ұтымды тәсіл. Егер сіздің креативті видео жасауға қызығушылығыңыз болмаса, аталған аппараттың сіздің ойыңызды өзгертуге мүмкіндігі бар екені белгілі.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.trustedreviews.com