iPhone 6 және iPhone 6 Plus смартфондарының камерасы қандай?

iPhone 6 және iPhone 6 Plus смартфондарының камерасы қандай?

iPhone 6 және iPhone 6 Plus өзінің алдыңғы гаджеттерінен қандай артықшылықтары бар? Ең бірінші көзге түсетіні, әрине, экранының үлкендігі. Сонымен қатар, өзге де артықшылықтары жоқ емес. Мысалы, смартфонның камерасы әлдеқайда жаңартылған. Ендеше, сіздерге iPhone 6 смартфоны камерасының үш түрлі мүмкіндігі туралы айтып береміз.

Камера қозғалыстағы нысандарға бағытталады


Apple смартфондарын тұтынушылардың көпшілігі түсірілімге тұрақты жалғыз функцияны қолданып келген болатын. Ал енді тұтынушылардың талабы бойынша, құрастырушылар нысанды негізгі бетке алу мүмкіндігіне ие болды. Apple өнімі сіздің қолайлылығыңызды ойлайтыны анық.

Time-lapse тәртібі


Мынадай видеолар қазір Instagram парақшаларында толып кетті. Ол желінің Hyperlapse қосымшасы арқылы іске асырылып жатыр. Жуырда жылдамдықты елемейтін видеолар саны одан да көбеймек. Көріңіз.

Видеоның тұрақтылығы


Адамның жүгіріп бара жатқанын немесе жүріп бара жатқанын түсіргіңіз келсе, iPhone 6 смартфондары сіздерге арналған. Түсірілген сурет дамытылған тұрақты жүйенің арқасында айқын көрініске ие болады. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: 4pda.ru

Ж. Өрісбай