Techno Live деп аталатын немістің ғаламтордағы арнасы iPad Air 2 планшетінің салмақты басымға қаншалықты төзімді екенін анықтап көрді.
«Мен Touch ID функциясы қамтылған жаңа iPad Air 2 планшетін сатып алдым. Және бүгін мен оның қаншалықты төзімді екенін көз алдарыңызда тексеремін», - дейді тәжірибе жүргізіп жатқан арна маманы.
Видеороликте шын мәнінде iPad Air 2 планшеті екені алдымен анықталып көрсетілген. Ол тіпті Touch ID батырмасына бармағын ұстай тұра блогтан шығарып көрсетеді. iPad Air 2 өзінің алдыңғы нұсқасынан да жіңішке болып келгендіктен майысу қиынға соқпайды. Планшеттің экранында кішігірім сынықтың сызықтары пайда болса да планшет өшіп қалмады. Видеоның соңында оның жұмыс істеп тұрғанын көре аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, iPhone 6 Plus смартфоны жұқарғаннан кейін краш-тестен өте алмаған болатын. Оған қатысты компанияның мәлімдемесі де шықпады. Енді жуырда ғана сатылымға шыққан Apple планшеттері осындай көріністі құрап отыр.
Ал сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?
Сурет: www.512pixels.net