- Негізгі бет
- Шолу
- iPad 5-тің шығатын...
iPad 5-тің шығатын күні белгілі болды
"Apple"компаниясы 2013 жылдың наурыз айында iPad 5 жаңа планшетін жарыққа шығармақ екен. CNews.ru порталы осы турасында ақпарат таратып отыр.
Жаңа iPad-тың құрылымы тіптен кішірейіп, жеңілдене түспек. Ал дизаин жағынан iPad mini-ға көбірек ұқсас болатындығы айтылған. iPad 4 -ке қарағанда қысқарып та, жұқарып та шығатын планшеттің қысқалығы 4 миллиметрге, жұқалығы 2 миллиметрге "кемшін" түспек.
iPad 5 - тің "Sharp" компаниясының ЖК-панельдерінің есебінен жеңіл салмақта шығатыны бұдан бұрын да айтылған болатын. Өз кезегінде энергия аз жұмсалып, тиімді қуаттағыш қоюдың алғышарттары жасалып келіп еді.
сурет:todaysiphone.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Л. Лига