- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Hyundai көліктерінің есігін...
Hyundai көліктерінің есігін телефон арқылы ашуға болады
Hyundai компаниясы көліктің есігін телефон арқылы ашуға мүмкіндік беретін Connectivity Concept технологиясымен таныстырды. Бағдарламаның тесттік нұсқасы i30 хэтчбегіне орналастырылған.
Жүйенің жұмыс жасауы үшін смартфонға NFC сымсыз байланыс модулі орнатылған болуы керек. Есікті құлыптау немесе құлыпты ағыту үшін телефон көлікте бекітілген арнайы орынға қойылады.
Жаңа бағдарлама арқылы, сонымен қатар, көліктің мультимедиялық жүйесін оңай басқаруға болады. Мәселен, музыканы ауыстырып, радиотолқындарды баптауға мүмкіндік бар.
Мультимедиялық комплекспен қосылған сәттен бастап смартфонның автоматты түрде қуаттала бастайтындығын да айта кетелік.
Өндіріске енгізуге дайын тұрған жүйе көпшілікке 2015 жылы тарайды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: motorward.com, autonews.autoua.net