- Негізгі бет
- Шолу
- ХҒС-ның үш ғарышкері...
ХҒС-ның үш ғарышкері қазақ даласына сәтті қонды
Бүгін 19 қараша күні таңертең Қазақстан аумағына құрамында ресейлік Юрий Маленченко, астронавт НАСА Санита Уилльямс және жапондық Акихико Хошиде бар "Союз ТМА-05М" ғарыш кемесінің аппараты сәтті қонды, деп хабарлайды РИА Жаңалықтар.
Жерге қонған барлық үш ғарышкердің денсаулықтары қалыпты, көңіл-күйлері де жақсы. Әдеттегі тексеріс аяқталғанннан соң, ғарышкерлер тікұшақпен Қарағанды әуежайына жөнелтілді. Әрі қарай олар Ресейдің "Чкаловский" аэродромына жеткізілмек.
Маленченко, Уилльямс және Хошиде ХҒС-да (Халықаралық Ғарыш Станциясы) осы жылдың маусым айынан бері 40-тан аса ғылыми экспериментке қатысқан екен. Осы уақыт аралығында экипаж "Прогресс", еуропалық ATV-3 "Эдоардо Амальди" және американдық Dragon кемелерімен жұмыс жасады.
Қазіргі таңда орбитада тағы үш ғарышкер қызметтерін өтеп жатыр. Олар: ресейлік Олег Новицкий, Евгений Тарелкин және американдық Кевин Форд.
Келесі ғарыш экспедициясы 19 желтоқсанда "Союз ТМА-07М" кемесімен аттанбақ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: scan-interfax.ru
Б. Қосмағамбет