Хакерлер қарапайым смартфон арқылы ұшақтың борттық компьютерін бұзып, әуе кемесінің басқаруды үйренді.
Сценарий Амстердамда өткен хакерлер мен жобалаушыларға арналып өткізілген Hack In the Box конференциясында көрсетілді. Жоба авторы Хьюго Тесо неміс компанияларының бірінде қауіпсіздік жөніндегі кеңесші болып қызмет етеді. Хьюгоның екінші мамандығы коммерциялық авиация ұшқышы. Осы себепті жобалаушы әуе кемелерінегі заманауи технологиялармен жақын таныс.
"Automatic Dependent Surveillance-Broadcast (ADS-B) және Aircraft Communications Addressing and Reporting System (ACARS) навиацияларын басқару жүйесін бұзу өте оңай. Бұл жүйелерде бұл тұрғыдағы қауіпсіздік сапалы түрде ойластырылмаған", - деді Тесо.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: www.airwar.ru