Неміс криптографтары арнайы шифрлаумен қорғалған WhatsApp-тағы топтық сөйлесуге кенеттен еніп кетудің жолдарды тапты, деп жазады The Verge. Бұл туралыШвейцариядағы Real World Crypto конференциясында белгілі болды. Хабарланғандай хакерлер багының көмегімен модератордың рұқсатынсыз-ақ сөйлесу үшін жаңа пайдаланушыларды қосуға мүмкіндік пайда болады.Нәтижесінде, сервер автоматты түрде жаңа қатысушының құпия кілттерін қамтамасыз етеді. Сондықтан ол хат алмасудағы хабарламаларға толық қатынас алады. Бұл нюанс шифрлаудың артықшылығын толығымен жоққа шығарады, өйткені жаңа қатысушыларлы қосқан кезде жазбалар қорғалуы тиіс, дейді Ruhr университетінің маманы Пол Рёслер.Өздерін қорғау үшін сарапшылар топтық сөйлесулердің орнына жеке хабарламаларды ғана пайдалануды кеңес береді. Айта кетейік,WhatsApp мессенджері әзірлеушілері дыбыстық хабарламаның жаңа функциясын сынақтан өткізуде.