Германия моторлы көліктер басқармасының жуырда жариялаған санағына сүйенсек, Германиядағы жаңа көліктерге болған тапсырыс өткен жылдарға салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. Биыл қаңтар айында жаңа көліктерге болған тапсырыс 192090 болса, былтыр қаңтар айында бұл көрсеткіш 210164 болған еді. Жалпы 8.6%-ға төмендеген.
Қаңтар айында көлік компаниялары ішінде тізімде бірінші орында тұратын Фольксваген (Volkswagen) компаниясының сатылым мөлшері - 43358 дана. Бұл былтырғы ұқсас мезгілдегіден 13.3% төмендеген. Ал Мерседес көліктеріне деген сұраныс керісінше жоғарылаған. Бұл былтырғы ұқсас мезгілден 3.1%-ға артып, жалпы 19641 көлікке жеткен.
2012 жылы Германияда жалпы 3 миллион 80 мың дана жаңа көлік сатылып, 2011 жылғы 3 миллион 170 мың көліктен айтарлықтай төмендеген. Дегенмен, Германия бәрібір әлемдегі ең ірі көлік базарын құрайды. Сатылым мөлшері жағынан Қытай, Америка, Бразилия және Жапониядан қалып, 5-орында тұр.
Дайындаған: Алшын Матай
Сурет: auto-tuning-news.com