- Негізгі бет
- Шолу
- Ғалымдар роботтардың болуы...
Ғалымдар роботтардың болуы мүмкін көтерілісі жөнінде ескертеді
Кембридж университетінің ғалымдары роботтардың болуы мүмкін көтерілісін ескеріп, олардың Жер шарын жаулап алуына қарсы шара қабылдайтын арнайы комиссия құрды.
Профессор, философ Хью Прайс, астрофизик Мартин Рис және Skype интернет компаниясының негізін қалаушылардың бірі Ян Таллин бастаған комиссия құрамы адам қолымен жасалып жатқан өркениеттің, оның ішінде ақылды роботтардың көптеп құрастырылуының аяғы неге алып келетінін зерттемек.
Комиссия осы мәселелерді зерттеу мақсатымен келер жылы арнайы орталық ашпақшы екен. Ғалымдар адамдар роботтардың Жерге қауіп төндіруін фантастикалық оқиға деп ойлауын үлкен қателік санайды. Олардың сөзіне сенсек, қазірдің өзінде АҚШ-та жаулаушы роботтардың бірнеше құпия жобалары жүзеге асып жатыр.
Профессор Хью Прайс: "Әрине, біздің мақсатымызды естіп, көптеген адамдар еріксіз күлуі мүмкін. Егер қауіптеніп отырған жайттың орын алуы мүмкін емес екенін білсек, біз де рахаттанып күлер едік. Бірақ жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда күрделі әрі қауіпті. Себебі қазіргі кездің өзінде-ақ ақылды роботтарды жасаумен бірнеше адамдар айналысып жатыр. Олардың өз жұмыстарынан нәтиже шығаратынын күні де алыс емес. Сондықтан оларға қарсы тұру проблемасымен тек фантаст-жазушылар емес, шынайы ғалымдар айналысса екен",- дейді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: spacereal.ru
Б. Қосмағамбет