Дельфт университетінің мамандар тобы роботты шаңшаң жүргізудің амалын ойлап тапты. Ол қарапайым түрде жүзеге аспақ. Бұл әдіс бойынша, екі аяқты робот айналып тұратын ұзын бағанаға бекітіледі. Мақсат - роботтың өздігінен шапшаң жүруді үйрену үшін қанша уақыт кететінін анықтау. Анықталғаны - робот арада бес сағат уақыт өткен соң, өздігінен тұрып, түзу жүре бастайды екен.
Leo деп аталған робот ішіне жиілігі 1,2 ГГц, ал оперативтік жады 1Гб болатын процессор орнатылады. Операциондық жүйе ретінде Linux таңдалып алынған.
Leo роботынан басқа, инженерлер Phides роботының да мүмкіндігін арттырудың жолын тапты. Оның басқалардан айырмашылығы екі аяғымен қатар жерден көтеріліп жүгіре алуында болып отыр. Мамандардың сөзінше, дәл осындай мүмкіндікке ие робот әлемде әлі құрастырыла қоймаған. Phides жылдамдығы сағатына 3,5 шақырымды құрайды. Бойы 80 сантиметр болса, салмағы 13,5 килограмм екен.
Робот құрастырушы инженерлер өздері жасап шығарған технология болашақта барлық роботтардың түзу әрі шапшаң жүріп, тіпті жүгіруіне де себеп болады дейді. Яғни аталған әдіс бойынша, робот араға бірнеше уақыт салып, өз мүмкіндігін арттыруды рефлекс бойынша жүзеге асырады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/SBf5-eF-EIw","width":"450","height":"314"});
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/ODYzmBNprp0","width":"450","height":"314"});
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com