- Негізгі бет
- Шолу
- Ғалымдар қартаймаудың жолын...
Ғалымдар қартаймаудың жолын іздеп жатыр
Новосибирск және Томск қалаларының ғалымдары өзекті клеткалардың жұмысын жақсартып, ағзаны жасартатын таблетка ойлап тапты, деп хабарлайды Вести.ру
Авторлардың айтуынша, G5 деп аталатын бұл препарат ағзаның қартаюын баяулатып, өмір жасын ұзартады. Мамандар клиникалық тәжірибелерді осы, 2013 жылы бастап кетуді жоспарлап отыр.
Ғылыми теория бойынша, өзекті клеткалар адамның дене мүшесіндегі кез келген органның клеткасына айналып кете алады. Бірақ адам қартайған сайын бұл жасушалардың саны азая бастайды. Және тек азайып қана қоймай, қасиеттерін де жоғалта бастайды. Алайда жаңа препарат өзекті жасушалардың санын 40 пайызға дейін көбейте алады.
"Таблетканың арқасында пассивті күйге түсіп қалған клеткалар, қайта жанданып, іске кірісе бастайды", - деп түсіндірді дәрінің жұмыс істеу механизмін фармацевтикалық ғылыми-өндіруші холдингтің құрылтайшысы Андрей Бекарев.
Ғалымдардың пікірінше, жаңа препаратты бауыр, өкпе ауруларын, сонымен қатар, жүйке жүйесінің жұмысының бұзылуын емдеуге қолдануға болады. Бұған дейін таблетканың жұмысы тышқандардың ағзасында тексеріліп көрілген екен. Дегенмен зерттеу жұмыстары 2013 жылдың қарашасына дейін жалғасады. Содан соң дәрінің жұмысының зерттеу мақсатындағы тәжірибе адамдарға беріліп жасалады.
"Біз осы уақытқа дейін G5-тің адамдардың есте сақтау қабілетін жақсартатындығын анықтадық", - деді Томск фармакология ғылыми зерттеу институтының маманы. Оның ойынша, бұл ағзаның жасарғандығының белгісі.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: yuga.ru