Ғалымдар ағза мүшелерін принтерден басып шығаруда

Ғалымдар ағза мүшелерін принтерден басып шығаруда

Ғалымдар таңдай қақтырудан жалығар емес. Америкалық өнертапқыштар адам ағзасының мүшелерін басып шығаратын 3D-биопринтер жасап шықты.

Бұл машинаның жұмыс істеу принципі мынадай. Принтер картриджін адамның немесе жануардың клеткасының өзегімен толтырады. Cодан соң өз қалауымыз бойынша адам терісі, омыртқа дискісі, шеміршек секілді ағза мүшелерін басып шығуға болады. Ғалымдардың айтуынша, аппарат жүрек секілді мүшелерді де жасап шығуға қабілетті екен. Әлбетте бұл процесс ұзақ уақытқа созылады. Дегенмен қарапайым теріні басып шығару үшін бірнеше сағат қана уақыт жеткілікті екен.

в

Биопринтерден шыққан тері

Регенеративті медицинамен айналысып жүрген бұл биолог ғалымдардың айтуынша, тәжірибе кезінде егеуқұйрықтың жүрегі жасалған. Ағза мүшесі ауыстырылған жануар бұдан кейін де тіршілігін қалыпты деңгейде жалғастыра беріпті. Бүйрек, бауыр секілді күрделі ағза мүшелерін жасап шығуға әзірге мүмкіндік болмаса да, зерттеушілер 3-5 жылда бұл нығметке де қолымыз жетеді деп отыр.

Әйтсе де қазірдің өзінде аппарат халыққа қызмет етуін бастады. Тері күйігіне шалдыққан адамдарға имплантант дайындаумен айнылысып жүрген биологтар өз өнертабысына дән риза. Осы орайда айта кетелік, АҚШ-тың өзінде донорлық ағзаға 110 мың адам мұқтаж болып отыр.

суреттер: icarus1611.wordpress.com, geekorama.ru