- Негізгі бет
- Шолу
- Ғалым: Қатерлі ісікті...
Ғалым: Қатерлі ісікті радиоактивті заттармен емдейміз
Иешива университетінің жанындағы Альберт Эйнштейн атындағы Медициналық колледждің ғалымдары қатерлі ісікті емдеудің жолын таптық деп отыр.
Зерттеушілер асқазанасты безі рагіне шалдыққан тышқандарды тәжірибе астына алған. Ғалымдар Listeria тұқымдас бактерия арқылы жануардың ағзасына ренидің радиоактивті изотопын енгізген.
"Біз рениді бактерия арқылы тышқандардың көкшандырына енгіздік. Үш аптадан кейін ағзадағы ауру клеткалардың мөлшері 90 пайызға азайды. Осылайша ренидің бета-бөлшектерінің қатерлі ісіктің бетін қайтара алатындығы тәжірибе жүзінде дәлелденді", - деді мамандар.
Айта кетелік, бұл элементті ағзадан қайта шығару үлкен жұмысты талап етпейді. Бұл ағзадағы сау жасушалардың бұзылу ықтималдылығы төмендетуге мүмкіндік береді.
Осы орайда доктор Клаудия Гравекамп: "Бірінші тәжірибенің өзінде метастазаларды 90 пайызға азайта алғанымыз бізді қатты қуантты. Бірақ біздің басты мақсатымыз 10 пайыздық нәтижеге жету", - деді.
Естеріңізге сала кетелік, Массагет бұған дейін Пенсильвания университетінің қызметкерлерінің қатерлі ісікті ешқандай дәрі-дәрмексіз адамның иммунитеті өздігінен қайтара алады деген шешімге келгендігін айтқан болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
Massaget