Ғаламтор жылдамдығы екі мың есеге дейін көбейетін болды

Ғаламтор жылдамдығы екі мың есеге дейін көбейетін болды

Уэльстік Бангор университетінің зерттеушілері үйдегі интернет жылдамдығын секундына 20 гигабайтқа дейін жеткізудің жаңа әдісін тапты. Бұл дегеніміз қазіргі кездегі есептен екі мың есе көп деген сөз. 

Демек, сіз осы технология арқылы Full HD форматындағы фильмді бар-жоғы 10 секундта жүктей аласыз. 

Ғалымдардың айтуы бойынша, жаңа технология стандартты талшықты-оптикалық жүйелерде қолданылмақ. Осы жаңалыққа байланысты профессор Тан Цзяньмин: "Технология үйлердің орналасуына тәуелсіз түрде жұмыс жасайды. Яғни сіз осы мүмкіндік үшін тек стандартты секундына 20 мегабит жылдамдықпен бірдей ақы төлейсіз",-деді. 

Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл жүйеге толық көшу 2020 жылға қарай жүзеге асуы мүмкін.


Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: softlab-portable.ru


Б. Қосмағамбет