Француз инженерлері әлемді таңдандыруды көздеген сыңайлы. Mecanroc компаниясы "темір өрмекшіге" ұқсас көлік жасап шығарды. Өрмекші тәріздес автомобиль Swincar Spider деп аталады.
Жаңа көліктің басты артықшылығы – ыңғайлылығы. Айта кетсек, Swincar Spider-ды кез келген жерде жүргізуге болады. Оның дөңгелектері жер бедеріне бейімделе алады.
Автоның корпусы алюминийден жасалған. Көлік электр қуатымен жүретіндіктен, өте жеңіл.
Өкінішке орай, француз көлігінің техникалық мүмкіндігі туралы ақпарат берілмеді. Оның жаппай құрастыруға қашан жіберілетіні де әзірге белгісіз.