- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Францияда ақ кит...
Францияда ақ кит кейпіндегі ұшақ жасап шығарылды
Фото:
hurriyet.com.tr/
Францияның Тулуза қаласында "Airbus" компаниясы ақ кит кейпіндегі "BelugaXL" (Airbus A330-700L) деп аталатын жаңа ұшақтың презентациясын өткізді.
"BelugaXL" ұшақтардың қосалқы бөлшектері мен ұшақ бөліктерін тасуға арналып жасалған.
Сыртқы көрінісінен ақ китке ұқсайтын ұшақ "Белуга" модельдерінен 6 метрге ұзын, 1 метрге кең болып, басқаларға қарағанда 6 тонна жүк артық тасымалдай алу мүмкіндігіне ие.