Еуропалық "Жыл автомобилі" конкурсының ұйымдастырушылары сайыстың финалына шыққан көліктерді жария етті. Қазір 34 үміткерден 8 үздік көлік іріктеліп қойылды. Бәйге жеңімпазы келесі 2013 жылдың наурыз айында Женевада өтетін моторшоуда белгілі болады.
Финалға жолдама алған көліктер жиырмаға жуық Еуропа мемлекетінен жиылған 58 адамнан тұратын қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде таңдалып шықты.
Олай болса, финалистермен танысыңыздар:
Ford B-Max
Hyundai i30
Mercedes Benz A-Class
Peugeot 208
Renault Clio
Subaru BRZ/Toyota GT86
Volkswagen Golf
Volvo V40
Айта кетелік, өткен жылы бірінші орын Opel Ampera гибридіне берілген болатын. Бұған дейінгі жылдары Nissan Leaf, Volkswagen Polo, Opel Insignia және Fiat 500 көліктері топ жарған болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: avtomobile.cc, motor.ru, vk.com, bnews.kz