2009 жылғы "Формула-1" жарысының чемпионы Дженсон Баттон Венгрияда ВАЗ-2103 автокөлігін сынап көрді. Бұл туралы Motor хабарлады. Бұл шарадағы басты тақырып жол қозғалысындағы қауіпсіздік болған екен.
Чемпион бірінші болып Mercedes-Benz SL63 AMG маркалы көлікке отырса, кейін қызыл "Жигулидің" тізгінін ұстаған. Бұл модель Еуропа елдерінде Lada-1500 деген атпен танымал көрінеді. Екінші бір сары модельге венгерлік радиожүргізуші Балаш Себастьен отырған. Жүргізушілерге белгілі бір қашықтықты жылдам бағындыру тапсырмасы берілген. Бұл сайыста Себастьен өз көлігін орнынан қозғай алмаса, Баттон мәре сызығын бірінші боп кесіп өткен екен.
Айта кетейік, екі бірдей ВАЗ-2103 көлігін венгерлік "Жигули" әуесқойлар Ассоциациясы ұсынған болып шықты.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: twitter.com