FOLD.IT – ЖИТС ауруын емдеуге арналған компьютерлік ойын

FOLD.IT – ЖИТС ауруын емдеуге арналған компьютерлік ойын
Фото: i-fakt.ru

Адамдар компьютерлік ойындардың барлығын дерлік адам ағзасы мен өмір сүру қағидасына зиянын тигізеді деп ойлайды. Бұл шынымен де солай болғанымен, әр нәрсе белгілі мақсатқа негізделіп жасалады. Мәселен Foldit ақуыз синтезі эмулятор ойыны қазіргі кезде көп ойналмайды, ол жазылмайтын дертпен күресуге арналған ойынның бір түрі.

Адам ағзасын ақуызсыз елестету мүмкін емес. Себебі әрбір жасушамызда ақуыз бар. Ақуыздың қасиеті оның құрылымына тікелей байланысты. Жұқпалы ауруды жүзеге асыруға дәл осы қасиеттер керек. Яғни ақуызды өз құрылымына сай орналастырмасаңыз, оның түрі өзгерсе де жұмысын тоқтатады. Оған байланысты ғалымдардың айтуынша, ақуызды құрылымына қарай орналастыру арқылы көп ұпай жинайсыз және ақы аласыз. 

Сіздің ойыныңыз онлайн түрде жүзеге асады. Сіз қатысушы болып тіркелесіз. Осылай ғалымдар сізді емдеуге көмектеседі. Тіпті емі жоқ ЖИТС (СПИД) ауруын да емдеуге болады.

Ең алғашқы ойын жобасы 2008 жылы мамыр айында жарық көрді. Оны Вашингтон университетінің ғалымдары ойлап тапты. Ойын іске қосылғалы оның 240 мыңнан астам тұрақты ойыншысы қалыптасты. Ғалымдар ойыншыларға ыңғайлы болуы үшін арнайы алгоритмдік жүйе қарастырған. Бұл жүйеге сіз өз білгендеріңізді жаза отырып, достарыңызбен бөлісесіз. Яғни ақуызды орналастыруға қандай құрылғы пайдаланғаныңыз жөнінде деген секілді ақпараттар беріп, көмек көрсете аласыз. Ойын кезінде қатысушылар молекулалардың құрылымын анықтай отырып, олардың орналасу тәртібін қадағалайды. Ойын дұрыс жүзеге асқан сайын ойнап отырған адамға ұпай жазылады. Ал әрбір ұпай ақша. 

2011 жылы ойынға жанымен берілген, тіпті ойынды бес саусағындай меңгеріп алған біліктілер көптеген аурулардың генде пайда болу жолдарын тауып, ғалымдарға көмек тигізген. Соның бірі маймылдың ағзасындағы ЖИТС дертін шақырушы вирустың келуін қадағалған. Бұл ойын 2012 жылы жемісті болған. «Scientific American» аталатын топ ойынның алғашқы жобасын сәтті аяқтап, ақуыздың құрылысын өзгерте отырып, жаңа жетістікке жеткен.

М. Ақан