- Негізгі бет
- Шолу
- Facebook-те дыбыстық мәтін...
Facebook-те дыбыстық мәтін аудармашысы болады
Facebook әлеуметтік желісі дыбыстық мәтінді кез келген тілге аудара алатын Jibbigo қосымшасын иемденді деп хабарлайды TechCrunch.
Қосымшамен бірге Facebook қосымшаны жасап шығарушы компания Mobile Technologies (MT)-ті де иеленді. Компанияның басты өнімі саналатын Jibbigo қосымшасы мәтінді әлемнің 25 тіліне аудара алады. Аталған қосымша 2009 жылы iOS және Android платформаларына арналып жасалған. Ол саяхаттаушылар мен шетелден келген жұмысшылар арасында кеңінен танымал болды. Оның басты артықшылығы қосымшаның жұмыс істеуі үшін Интернетке қосылу міндетті емес екендігі.
Facebook әзірге келісімнің бағасы мен басқа да шарттарын жариялаған жоқ. Тек MT қызметкерлерінің бір бөлігі әлеуметтік желінің жасап шығарушылары қатарына қосылатындығы ғана белгілі. Jibbigo-ны жасап шыққандардың айтуынша, Facebook аталған қосымшаны әлемді одан сайын ашық ете түсуге қолданады екен. Осылайша, әлемнің әр елінің қолданушылары тілдік кедергіге қарамастан өзара тілдесе алатын болады. Айта кетсек, осыған дейін әлеуметтік желідегі аудармаға Microsoft-тың Bing технологиясы қолданылып келді.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: matrix-ca.tv
Ж. FM