Соңғы кезде Google Street View қызметінің көмегімен әлемнің көптеген ғажайып орындары мен ескерткіштерін сол елдерге бармай-ақ жақыннан көруге мүмкіндік туды. Енді қолданушыларға Париждің басты символына айналған Эйфель мұнарасының панорамасы қолжетімді болып отыр. Бұл панорама Google Cultural Institute пен Eiffel Tower Operating Company компаниясының бірлескен жобасы саналады. Сондай-ақ Google өз сайтында Эйфель мұнарасының тарихына қатысты ескі фотосуреттер мен сызбалардың жиынтығын да ұсынған екен.
Жалпы 1889 жылы негізі қаланған атақты мұнараны тамашалауға осы күнге дейін 250 миллион адам келген. Ал 40 жыл бойы мұнара әлемдегі ең биік құрылыс нысаны саналып келген болатын. Оның шпилімен қоса алғандағы биіктігі 324 метрді құрайды.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Google әлемдегі ең биік деп саналатын Дубайдағы Burj Khalifa кешенінің панорамасын жасап шыққан болатын.
Сонымен, Париждегі Эйфель мұнарасының толық панорамасын мына сілтемеге өтіп көре аласыздар.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/6HhxuH8lxeg","width":"450","height":"320"});
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: google.com