- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Ешкім сатып алмаған...
Ешкім сатып алмаған көліктер қайда кетеді?
Сатылмаған көліктер саны жыл сайын көбейіп келеді. Ешкім сатып алмаған көліктердің қайда кететіні туралы ойланып көрдіңіз бе?
Әлемде жаңа көліктер қойылатын автотұрақтар көп. "Бұл көліктерге жеңілдік жасаса, біреу сатып алатын болар?" дерсіз. Жоқ, автоөндірушілер жеңілдік жасауды жөн көрмейді. Олар осы көлікті құрастыруға кеткен әр долларды қайтарып алғысы келеді. Одан бөлек, әр көліктен 1-2 мың доллардан түсірсе, басқа қымбат көліктер қожайынсыз қалмақ. Өздеріңіз көріп отырғандай, су жаңа көліктердің автотұрақтан басқа баратын жері болмай тұр. Автокөлік компаниялары конвейерді тоқтата алмайды, тоқтатқан жағдайда зауытты жауып, мыңдаған қызметкерді жұмыстан шығару керек болады. Одан басқа, автокөліктің түрлі бөлшегін құрастыратын орындар да жұмыссыз қалмақ.
Ұқсас жазбалар:
Сурет: vk.com, automoto.it
М. Оңғарова