Ертең Жердің қасынан астероид ұшып өтеді

Ертең Жердің қасынан астероид ұшып өтеді

Ертең, яғни, 11.12.12 күні Жердің қасынан ұзындығы 49 метр болатын 2012 XE54 астероиды ұшып өтеді. Жер тұрғындары бұл астероидті телескоп арқылы еш қиындықсыз көре алады.

Ғарыш объектісінің Жерден 224,9 мың километр қашық нүктеден өтетіндігін айта кетелік.

Америкалық астрономдардың есептеуінше, аспан денесін адамзат баласы ертең Гринвич уақытымен 01.22-ден бастап (Астана уақытымен 07.22) 02.00-ге дейінгі уақытта (Астана уақытымен 08.00) көре алады. Астероидтың Жерден тым алыс ұшатындығының себебінен оны жай көзбен көре алмаймыз.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: mail.ru

Massaget