Британиялық кондитерлер жылы ауа райы кезінде де ерімей, пішінін сақтай алатын шоколад жасап шықты. Бұл жөнінде The Daily Mail хабарлап отыр.
Ерекші қасиетке ие жаңа шоколад өнімі дайындау процесін жетілдіру кезінде жасалынған екен.
40 градуста да еш өзгеріске ұшырамайтын шоколад рецептісін Cadbury компаниясы жасап отыр. Мамандар бұл жетістікке қантты өте ұсақ бөлшектерге бөліп және ондағы май мөлшерін азайтудың нәтижесінде жеткен екен. Соның арқасында шоколад жоғары температуда да өз қасиеттері мен пішінін сақтай алады.
Компания хабарлағандай, ерімейтін шоколад оны дайындау процесін жетілдірудің арқасында, яғни шоколадты арнайы құрылғыда тазартудың тың әдісін ойлап табудың нәтижесінде пайда болып отыр.
Cadbury шоколад өндіруші компаниясы өз өнімін "климаты ыстық елдер үшін нағыз уақытында ойлап табылған тағам" деп отыр. Ал Ұлыбритания климаты ыстық ел болмағандықтан, мекеме шоколадтың бұл түрін отандық нарыққа шығармауға шешім қабылдаған екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: intofact.ru