Енді смартфонды 30 секундта қуаттауға болады

Күнделікте өмірде смартфонының қуат көзі тез таусылып, байланыссыз һәм интернетcіз қалған тұрғындарды кезіктіріп жатамыз...

Израильдік StoreDot компаниясы жасап шығарған жаңа технология смартфонды бар-жоғы 30 секундтың ішінде қуаттауға бағытталған. 

Компания мамандары өз өнертабыстарын таныстырып болғанша, гаджеттің сол арада қуатқа толып үлгеретінін айтты. 

Жарқын болашақтың технологиясын өндіруге органикалық тектегі нанодоттар пайдаланылған. Нанодоттар электродтың сыйымдылығын арттырып, электролиттерді катализдейді, өз кезегінде онысы қуат көзінің тез толуына алып келеді.

Технологияның бағасы асам қымбат болмайтыны айтылады. Нанодоттар кең таралған табиғи материалдардың негізінде жасалады екен.

Компания жаңа аккумуляторларды үш жылдың көлемінде тұрмысқа енгізетіндіктерін жеткізген.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/9DhJZAhjbcI","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: gigamir.net