Нью-Йорк–Сидней бағытында ұшқан аустралиялық Qantas әуе компаниясының Boeing 787-9 лайнері еш аялдамай ең ұзақ авиарейс жасап, рекорд орнатты. Бұл FlightAware деректері бойынша белгілі болды.
Ұшақ 309 000 шақырымды 19 сағат 14 минутта еңсеріп, 37 минутқа кешігіп қонған.
Бұған дейін ең ұзақ әуе рейсі Нью-Йорктен Сингапурға дейінгі бағыт болған. Ол 18 сағат 50 минутқа созылған.