Instagram желісінде 52 миллионнан аса лайк жинаған жұмыртқа парақшасының сыры белгілі болды. Бұл вирус-парақшаға Netflix стриминг сервисінің бәсекелесі, Hulu брендіне тиісілі болып шықты.
14 қаңтар күні, Instagram әлеуметтік желісінде @world_record_egg парақшасы жұмыртқаның суретін жариялап @kyliejenner рекордын жаңартқан еді. Бүгінде сол пост 52 миллионнан аса лайк жинаған. Содан кейін жұмыртқа біртіндеп жарыла бастайды. Парақша оған кезең-кезеңімен арнайы суреттер жариялап отырды. Ал кульминация 2 ақпанда болды.
The wait is over ???? All will be revealed this Sunday following the Super Bowl ???? Watch it first, only on @hulu. #EggGang #WeGotThis #TalkingEgg
Публикация от EGG GANG ???? (@world_record_egg)1 Фев 2019 в 4:24 PST
Соңғы постта жарылып келе жатқан жұмыртқа америкалық футбол добындағыдай жіппен байланған. Сол арқылы Hulu стриминг сервисі көрсететін АҚШ-тың Ұлттық футбол лигасының финалы Супербоулға жарнама жасалған.