SplashData компаниясы қолданушалардың әлеуметтік желілердегі парақшалары немесе электронды пошталар үшін таңдап алатын 2013 жылдың ең қауіпсіз құпия сөздерінің (пароль) рейтингісін жариялады.
Топ-25 Интернетте жарияланған қолданушылардың бұзылған мәліметтерін сараптау кезінде анықталған. Ол бойынша рейтингтің көш басына «123456» сандар комбинациясы шықты. Осылайша аталған құпия сөз өткен жылдың жеңімпазы «password»-ты бірінші орыннан ығыстырып отыр. Танымал құпия сөздердің үштігін 1-ден 8ге дейінгі сандардың комбинациясы иеленді.
Сондай-ақ қолданушылар арасында "qwerty", "abc123", "123456789", "111111", "1234567", "iloveyou" құпия сөздері аса танымал екендігі анықталды. Алғашқы ондықты "adobe123" құпия сөзі қорытындылады. Ал "1234567", "monkey", "trustno1", "letmein", "dragon" сөздері 2011 жылдың ондығына кірген болатын.
Сарапшылар болса бірдей құпия сөзді пошта қызметіне де, интернет-банкингке де қатар қолданбауға кеңес беріп отыр. Сондай-ақ оларды үнемі ауыстырып отырудың да қауіпсіздік үшін маңызы зор екен. Ал прораммистер болса қолданушыларға құпия сөзін сегізден кем емес символдан құрастырып жасауды ұсынады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: pozitivnews.org