- Негізгі бет
- Шолу
- Ең жұқа 5...
Ең жұқа 5 смартфон
Қалыңдығы бар болғаны 6,18 мм болатын Huawei Ascend P6 смартфонының жарыққа шығуы смартфондар арасындағы көлемге байланысты тартыста миллиметрдің оннан бір бөлігінің өзі есепке алынатынын көрсетті. Массагет.кз соңғы бір жарым жылда жарыққа шыққан ең жұқа 5 смартфонды іздеп тауып, соларды назарларыңызға ұсынбақ.
1. Huawei Ascend P6
Қалыңдығы 6,18 мм, таныстырылған күні 18 маусым 2013 жыл, сатылымға әлі шықпады.
Huawei компаниясының смартфонының корпусы металдан жасалған. Оның сипаттамасы орташа телефондардан жоғары, бірақ нарық көшбасшыларына жете алмайды.
Экран диоганалі 4,7 дюйм. Аталған құрылғы фирмалық 1,5-ГГц төрт ядролық K3V2E процессор, 2 Гбайт оперативті жадпен жабдықталған. Телефон маңдайшасындағы камераның түсіру сапасы 5 мегапиксель болса, негізгі камеранікі – 8 мегапиксель.
2. Alcatel One Touch Idol Ultra 6033
Қалыңдығы 6,45 мм, таныстырылған күні 7 қаңтар 2013 жыл, құны шамамен 65 000 теңге.
Жарты жыл бұрын таныстырылған Alcatel компаниясының смартфоны экран сипаттамасы жағынан қазіргі рекордшымен тең түседі, бірақ ішкі құрылысы жағынан едәуір нашар.
Дисплейі көлемі мен диагоналі Ascend P6-мен бірдей. Құрылғы 1,2-ГГц екі ядролық проецессорде жұмыс істейді және 1-Гбайттық жады бар. Негізгі камераның түсіру сапалығы 8 мегапиксель, ал телефон маңдайшасындағынікі – 1,3.
3. BBK Vivo X1
Қалыңдығы 6,55 миллиметр, таныстырылған күні 23 қараша 2012 жыл, Қазақстанда сатылмайды.
Vivo X1 экранының көлемі алдыңғы екі құрылғынікімен бірдей, алайда сапасы төмендеу (960×540 нүкте). Процессор, жад және негізгі камера параметрлері Alcatel One Touch Idol Ultra 6033-ке ұқсайды, ал смартфон маңдайшасындағы камераның түсіру сапалығы – 2 мегапиксель.
4. Oppo Finder X907
Қалыңдығы 6,65 мм, таныстырылған күні 27 қараша 2012 жыл, шамамен 70 000 теңге.
Бұл да Қытай өнімі. Смартфон сипаттамасы жарыққа шыққан кезде де үздік саналмаған, бірақ әзірге бәрі қанағаттандырарлықтай.
4,3-дюймдік экранның сапалығы 800×480 нүкте. Ол Super AMOLED технологиясы бойынша жасалған. Құрылғы Qualcomm компаниясының 1,5-ГГц екі ядролық процессор негізінде жұмыс істейді және 1 Гбайт оперативті жадқа ие. Маңдайша камерасы 1,3 мегапиксель болса, негізгісінде 8 мегапиксель бар.
5. Huawei Ascend P1
Қалыңдығы 6,68 мм, таныстырылған күні 9 қаңтар 2012 жыл, құны шамамен 65 мың.
4,3-дюймдік экранның сапасы 960×540 нүкте, 1,5-ГГц екі ядролық процессор мен 1 Гбайт оперативті жад - Huawei Ascend P1 S-дің артықшылығы осы ғана. Негізгі камерасы 8 мегапиксельді. Өз кезегінде алдыңғы камерада 1,3 мегапиксель ғана бар.
Айта кетсек, рейтингте көрсетілген смартфондардың барлығы Android платформа негізінде жұмыс істейді. Өндірушілер басты назарды қалыңдыққа бөлген, сондықтан оларда айтарлықтай инновация жоқ.
Атақты өндірушілердің үздік смартфондарының ішінде қалыңдығы жағынан топ бестікке iPhone 5 қана жақындай алды. Оның қалыңдығы – 7,6 миллиметр.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: redusers.com, it-technology.complexdoc.ru, 4pda.ru
Ж. FM