Ең берік смартфон жарыққа шықты

Ең берік смартфон жарыққа шықты

"Runbo" деп аталған қытайлық компания X3 атты әлемдегі ең берік смартфонды жасап шықты. Оның қалыңдығы 23 мм болса, салмағы 321 грамм. Гаджетте QWERTY-пернетақтасы орналасқан. Сондай-ақ, ол қолдың бірнеше қимылымен-ақ әп сәтте рацияға айнала алады.  

Телефон ыстыққа, суыққа, қатты соққыға және шаң-тозаңға да төтеп бере алады. Және де онда фонарь, лазерлік сілтеу (указка), SOS батырмасы да бар. Құрылғыда орналасқан сыйымдылығы 3800 мАсағ болатын үлкен аккумулятор смартфонға сөйлесу кезінде 25 сағат жұмыс уақытын қамтамасыз етпек.  

Онда орналасқан антенна мен арнайы бағдарламаны қоссаңыз болғаны, ол жұмыс радиусы 10 шақырымды құрайтын рацияға айналады. Оған қоса, смартфонға бірден екі SIM-карта орналастыру мүмкіндігі бар.  

Енді құрылғының жеке мінездемелеріне тоқталсақ, сматфон 800 х 480 пиксельлді, 3,5-дюймды экранмен, жиілігі 1ГГц, екі ядролы MediaTek MTK6577 процессорымен жабдықталған. 1 ГБ оперативті және 4 ГБ жеке жады (microSD қолдауымен 32ГБ жадқа дейін) бар. Телефон Wi-Fi/GPS/Bluetooth модульдерімен және 8 және 0,3 мегапиксельді екі камерамен жабдықталған. Гаджет Android 4.0 Ice Cream Sandwich ОЖ негізінде жұмыс жасайды. Оның Қытай нарығындағы қазіргі бағасы 350 долларды құрайды. Смартфонның басқа мемлекеттерге қашан және қандай бағамен шығатындығы туралы әзірге ақпарат жоқ. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: gadgetblog.ru

Б. Қосмағамбет