- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Ең арзан Tesla...
Ең арзан Tesla автомобилі нарыққа екі жылдан кейін шығады
Ең арзан Tesla автомобилі нарыққа екі жылдан кейін шығады, - деп хабарлайды "Газета.Ru" Tesla Motors компаниясының басшысы Элон Масктың Twitter парақшасына сілтеме жасап. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Компания басшысының айтуынша, бұл автомобильдерге арналған литий-ионды аккумулятор шығаратын Невададағы Gigafactory зауытының толық қарқында жұмыс істеуге көшуімен байланысты. Жаңа марканың бағасы 35 мың доллар шамасында, бұл бұрынғы Model S-тен екі еседей арзан.
Сонымен қатар, Фримонт зауытында жасалған Tesla X алғашқы электрлік кроссовері 29 қыркүйекте сатылымға шығарылатыны хабарланды. Компания басшысы Twitter парақшасында Tesla Motors компаниясының инновациялық жаңа автомобилі көлемінің үлкендігі мен конструкциясының күрделі болуына байланысты Model S седанынан 5 пайызға қымбат болатынын жазды.