Әлемдегі ең жылдам электромобильдің жаңа бағдарламалық қамтуы көліктің алыс қашыққа жүруін қамтамасыз ететін болады. Жуырда өтетін ресми конференцияда Tesla Model S көліктеріне жаңа құрылымды сымсыз жеткізетін жүйенің таныстырылымы өтеді. Бұл туралы жақында Tesla Motors-тың бас директоры Элон Маск туиттердегі жеке парақшасында жазған болатын.
Хабарламаға орай, жаңа бағдарлама осыған дейін шыққан барлық Model S көліктеріне әуедегі кеңістікпен, яғни 3G-модуль арқылы жеткізілмек. Осыдан біраз уақыт бұрын ұсынылған жаңарту электромобиль жылдамдығының азаюына негізгі себеп болған еді. Енді Элон Маск жіберілген қателікті осы аптада реттейтінін жазып отыр.
Расында, Маск жаңа бағдарламалық қамту туралы тереңірек ешнарсе жазбады. Белгілі болғаны, алдағы аптада автоның жүру жылдамдығы қайта қалпына келетін болады. Нақтырақ айтсақ, бағдарламалық қамтудың жаңаруы көлік қозғалтқышының ұтымды жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Model S қазір қолданыста бар электромобильдерден екі есе көп энергия қуатымен қамданса да, бензинді және дизельді көліктерден шамасы қалып қояды. Сондай-ақ, электр энергиясымен қамту станцияларының тапшы екенін ескерсек, көліктің жоғарғы жүру мүмкіндігі өте маңызды болары анық. Tesla Motors компаниясының конференциясы 19 наурызға жоспарланған.
Айта кетсек, Tesla Model S электромобильдері 2012 жылдан бері сатыла бастады. Осы уақытқа дейін компания 50 мың дана сатып үлгерген.
Сурет: www.autoblog.com
Оқи отырыңыз:
Tesla Model S P85D электрокары жаңа әлемдік рекорд орнатты
Tesla Model X электрокарының қытайлық аналогы шықты
"Тесла" ұсынған өте жылдам поезд
TESLA көлігінің жаңа нұсқасы Model C жариялану алдында