- Негізгі бет
- Шолу
- Электронды шұлық өлімнен...
Электронды шұлық өлімнен құтқарады
АҚШ мамандары спортшылардың өмірін ұзартатын шұлық ойлап тапты.
Шұлықтар өз иесінің жүгіру барысында қанша калория жұмсалғанын, жүрек соғысының жиілігін және қысымның дұрыс-бұрыстығын көрсетіп береді екен.
Құрылғыны Heapsylon компаниясының мамандары жасап шыққан. Sensoria деп аталатын спорттық шұлықтың матасы табан бөліктерінің қан қысымын өлшейтін және де басқа да көрсеткіштермен жабдықталған. Оның ішінде қадам жылдамдығын, оның биіктігін және басқа да параметрлер. Бұл шұлықтарды еш алаңсыз жуа беруге болады.
Барлық көрсеткіштер алмалы-салмалы білезікте орналасқан және оны тобыққа да тағуға болады. Алынған мәліметтерді аппарат Bluetooth арқылы смартфонға немесе компьютерге автоматты түрде жібереді. Матаның ортасында, яғни спорттық аяқ киім мен табан терісінің ортасында болғандықтан көрсеткіш мәліметтерді дәл береді екен.
Сонымен қатар, браслет спортшыға дене жаттығуының ең қолайлысын таңдап береді де, арнайы дауыс арқылы бұйрық беріп отырады. Бұлардан басқа, шұлықпен бірге сатылатын қосымша бағдарлама табанға салынған күш пен қысымды есептеп, жарақатты болдырмауға сеп болады.
Heapsylon компаниясының өнертабысы көпшіліктің қызығушылығын танытуда. Айта кетсек, бұл жобаны қаржыландыру қайырымдылықтан жиналған ақша арқылы жүзеге асырылмақ. Қазіргі таңта бұл жобаны қолдаушылар 87 мың АҚШ доллары көлемінде ақша жинаған. Осы сома нарыққа тауарды шығара беруге жететін болса да, ақша жинау акциясы жалғасын табуда.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: 24gadget.ru
А. Құлтай