- Негізгі бет
- Шолу
- Электробайктерге шолу...
Электробайктерге шолу
Байкерлердің мотоциклдерге қызығушылығының басты себебі - оның шығаратын дыбысы мен иісі болса керек. Бірақ, соңғы кезде мұндай тұлпарлардың жетілген түрлі нұсқалары көпшілікке жол тартып жатыр. Мәселен, осы мотоциклердің дыбысын акустикалық құрылғылар арқылы басуға мүмкіндік бар. Қатты дыбыстарды жаны сүймейтін адамдар дыбыстарды баптау мүмкіндігі бар электробайктерге көңілін бөліп көрсе болады. Бұл мақаламыз да осыған арналмақ.
Бастайық...
Lito Green Motion Sora
Үш фазалық асинхронды электромоторы бар канадалық тұлпар.
Айналу моменті - 80Нм. Дөңгелегі минутына 0-6000 айналыс жасайды. 100 км/сағ жылдамдықты 4 секундта алады. Максималды жылдамдығы - 200 км/сағ.
Аккумуляторы литий-полимерлі. Сыйымдылығы - 12 кВт/сағ. 8 сағаттың ішінде толығымен қуат толтырылып болады. Содан соң, 300 шақырымды қиналмай жүріп өтсеңіз болады.
Мотоциклдің массасы 240 кг. Алғашқы байк өткен жылдың соңында сатылымға шықты.
Mission R
Бұл байктың да қозғалтқышы үш фазалы, сұйықтық арқылы салқындатылады. Айнымалы тоқта жұмыс істейді. Максималды айналу моменті - 156 нм. Яғни, минутына 6400 айналымға дейін жасай алады.
Максималды жылдамдығы 250 км/сағ. Литилі-ионды аккумуляторының сыйымдылығы - 14,4 кВт-сағ. Аккумуляторды толтырған соң 430 км жүруге болады. Бір қызығы байктің зарядын кәдімгі күнделікті тіршілікте қолданып жүрген электр тоғының көзі арқылы толтыруға болады. Не-бары 2 сағаттың ішінде тұлпар шабысқа дайын тұрады.
Schneider Electric Orange County Chopper
Гибридті француз байкі. Мотоциклде 2 электроқозғалтқыш пен 1 бензинді қозғалтқыш орнатылған. Қозғалтқыштарды кез келген тәртіпте дөңгелекке қосуға болады.
Шамамен 100 шақырымда 3,1 литр бензинді сарп етеді. Байк-гибридтің салмағы 454 кг.
суреттер: libymax.ru, car-z.net, ecofriend.com, grammota.com